Жиембет

Жиембет жырау Бортоғашұлы  XVI  ғасырдың соңғы ширегі, XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүреді. Алшын руые ежелден билеген ірі феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы, батыр қызметін атқарады. Есімнің көрші хандықтарымен арадағы соғыстарына қатысады, ерлігімен, іскерлігімен танылады. Жиембет 1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыстақазақтардың жауды ойсырата жеңуіне мұрындық болады. 1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлініп, өз алдына тәуелсіз хандық құрғысы келгенТашкент ханы Тұрсынның көтерілісін басу кезінде де Жиембет елеулі ролдь атқарды. Алайда, көп ұзамай-ақ орталық үкіметке сөз жүзінде ғана бағынып, Кіші жүзде дербес билік құра бастаған Жиембеттің өзі де ханның қаһарына шалынады. Жыраудың інісі Жолымбеттің бір жеңілтек ісін сарайды қорлау деп санаған Есім бұл мәселеге Жиембеттің өзін де іліктіреді. Жырау ойраттармен шекара, шығыс бетке айдалады. Бір деректерге қарағанда, Жиембет сол айдауда өледі, енді бір деректердің айтуынша, жырау 1643 жылы Есім хан дүниеден көшкен соң туған жеріне қайтіп оралады.Жиембеттен қалған ең елеулі мұра Есімханға толғауы.

   Жиембеттің Жобалайыстан тарайтын Саназар, Өтеш және Кінізек, Масайдың Жанұзағынан тарайтын Әйімбет, Қойымбет, Тайыз, Асанғали; Нұркеннің Ізиәлі, Жиенәлі ұрпақтарының бір қатарын Орал қаласының тұрғыны зейнеткер Матыбайұлы Серіктің, ал Жиенбеттің Тоқтар, Нүрке аталықтарын Кошенов Аяпқалидың шежіре нұсқалары бойынша таратылып отыр.

  Жиембеттен – Масай, Жобалай, Бабас, Аймұрат, Баймұрат, Женетек, Тоқтар. Кейіннен – Женетек, Нүрке, Масай, Жобалай, Бабас, Баймұрат, Аймұрат болып “жеті уй Жиембет” атанған.

Ахметов Еркін Кимұлы