Ғылыми зерттеулер

Алаш қайраткері Ж. Досмұхамедов

Қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері, Алаш партиясының белсенді мүшесі, Батыс Алашорда үкіметін құрушы, білікті заңгер Жаһанша Досмұхамедовтың туғанын биыл 125 жыл толып отыр. 

ЖҰМАҒАЛИЕВ АБДОЛЛА

Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында туған. Әуелі өз ауылында орта дәрежелі білім алып, 1934 жылы Орал педагогикалық институтының әдебиет факультетіне түскен. 1936 жылы оқуын Алматыдағы ҚазПИде жалғастырған.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Абдолла майданға аттанды. Жалын жүрек ақын жаумен арпалысып, ерлікпен мерт болды. Абдолла ерлігі жайлы Қ.Аманжолов «Абдолла» поэмасын жазды.