Қарақұнан (Досымбет)

Қарақүнанның шын аты Досымбет. Ол жас кезінде бір жаугершілікте тұтқында қалып, біраз жылдар өткен соң тұтқыннан қашып шығыпты. Елге келгенде астында жүйрік қара құнаны болыпты. Бір үлкен тойда ат жарысы болып, сол бәйгіден Досымбеттің қара құнаны бірінші болып келіпті. Содан ел ішінде оның өз атымен қатар атынын аты аталады екен. Кейіннен лақап ат болып "Қарақұнан" аталып кетіпті. "Жігіттің атын не аты шығарады, не қатыны шығарады" - деген мақал тегін емес. Ал Нәсіпқали Мақсиулы Қарақұнанның шын аты Әділ деп жазады.

Қарақұнаннан - Тайғожа, Сүйіндік, Айбас, Киікбай (Шақыбай).

Ахметов Еркін Кимұлы