Қараман

Қараманнан – Күнтубай, Сексенбай, Тілеуке, Жамелке, Досберлі. Күнтубайдан – Көшек, Терек, Жақай. 

Көшектен – Күсіге. Күсігеден – Иманқұл. Иманқұлдан – Бексұлтан. Бексұлтаннан – Қайырғали. Қайырғалидан – Нұржан, Айтжан. Нұржаннан – Тасжан. Айтжаннан – Есқали.

Жақайдан – Маңдай, Шынтай, Темірбек, Бектаубай, Бектай. Темірбектен – Ғаділ, Қожақ. Қожақтан – Сәуірғали, Әділғали. Сәуірғалидан – Сағат, Орынғали, Балғали, Сапи, Мұхамбетжан. Сапиден – Ақжол. Әділғалидан – Сүндетқали. Бектайдан – Рмазан. Рамазаннан – Бексұлтан, одан – Серік. Сексенбайдан – Қарабала. Қарабаладан – Нұрғали. Нұрғалидан – Қойшыбай. Қойшыбайдан – Ақмади. Ақмадиден – Шаяхмет, Есмағұл. Шаяхметтен – Алмабек. Есмағұлдан – Жанар.

Нетәлі, одан – Асахат. Асахаттан – Құрманғали, одан – Дөшен. Дөшеннен – Тайып, одан – Үмбетәлі. Үмбетәліден – Бақтыгерей, Бақтығали. Бақтыгерейден – Сәрсенбай. Бақтығалидан – Төлеген, Тілеген, Нұралы, Бегәлі. Төлегеннен – Мерек, Ерболат. Тілегеннен – Самат, Нұрболат. Нұралыдан – Жанболат, Тілеп, Асқар.

Ал енді Алматының тұрғыны журналист  Құрманғазы Мұстафинның берген шежіре нұсқасында Қараман аталығын былай деп таратады:

Қараманнан – Бәйбіше, Қожаназар, Ескене, Жайлау, Қозыбақ, Бәйімбет, Баубек, Ақбай, Нияз, Жамантай, Күнтубай. Шәміл Әбілтаевтын шежіресі «Шәмілден Малайсарыға дейн» кітабында Қожаназардан – Тілеуке, одан Малайсары, одан Жәмелке, одан Досбері, одан Куандық, одан Шынғазы, одан Әбілтайдан – Есенғали, Бисенғали, Кенжеғали, Жексенбай. Есенғалидан  - Дүйсенбай,  Жұмағұл. Бисенғалидан – Мұфтолла, Бакытжан, Шәміл. Мұфтоладан -  Маман, Сәмен, Қуаныш. Маманнан – Алпысбай, Наурызбек. Бақытжан – Қайыржан. Шәмілден – Азамат. Қозыбактан - Тұяк, одан Қыдралы, одан Балапан, Уәли, Уәйіс, Ботақан,  Тырнак, Ысмағұл, Өтеген, Өтеш. Ботақаннан – Дүйсенғали, Ораш, Рақыш, Мақта, Сейсен. Дуйсенғалидан – Жәрдем, Мұстафа, Сағынғали, Муса, Кәкима,  Ақкенже.  Жәрдемнен – Жанылсан, Болат, Бақытжан, Серік, Бекболат. Болаттан – Ерлан, Айгүл, Ержан. Ерланнан – Аида, Адина. Ержаннан – Ділнәз, Рустем. Серіктен – Нұрлан, Нұргүл, Индира. Нұрланнан – Ая, Мая. Бекболаттан – Альбина, Қасымжан. Мұсатфадан – Құрманғазы, одан Аңсаған, Қанат, одан Танаис. Мусадан – Қалиолла, Сұлукия, Мария. Қалиолладан – Назгүл, Мейрамгүл.  Ораштан – Төлеп, одан Гүлжан, Света, Мәлік, Қанат. Мәліктен – Әсемгүл. Талғаттан – Бақытжан, Ғалима, Әсима. Қанаттан – Қуаныш, Мейрамгүл.