Асан

Асаннан – Әйтімбет, Бегей, Тоқсанбай, Қангелді, Тілеу, Масай, Аспантай, Бөген.

Әйтімбет

Әйтімбеттен – Мәмбетәлі, Байімбет, Нетәлі, Нетәліден – Бектемір, Емен. Еменнен – Үмбетияр. Үмбетиярдан – Мақар, Мағау, Мағал.

 

Тоқсанбай

Тоқсанбайдан – Мейірман. Мейірманнан – Мұхтар, Ходар. Мұхтардан – Болат, Зинет. Мұқтар – Социалистік Еңбек Ері.

 

Масай

Масайдан – Рай, Өтеген ұста.

Райдан – Төлепберген, Тәңірберген. Тәңірбергеннен – Мәмбетәлі, одан – Ырысәлі, одан – Төлеген, Әлі, Сапар... Борсықбай, одан – Жайықбай, одан – Әзберген, одан – Әбілқайыр /100 жаста өлді/.

Әбілқайырдан – Сары (1889-1970), Ғаббас (1893-1961), Мәрдеш, Есенбай (1899-1989), Әскери медицина полковнигі, Есенәлі (1903-1987), Есенгелді. Сарыдан – Хаби (1925-1941), Мирас (1952-1994), Марат, Сәдірбай. Ғаббастан – Ғалихан (1924-1987), Уәлихан (1927), Мұрат (1941).

Мәрденштен – Сабырхан (1924-1955).

Есенбайдан – Амантай (1949), Мұқсын (1961).

Әзбергенмен туысқан Есіркеп ұрпақтары: Есіркептен – Өтеген, Манау, Мәмбет, Боран, Сұлтан.

Өтегеннен – Наурызғали, Аманғали (1893-1978), Қожабай (1897-1964), Сәрсенғали (1905-1975), Кенжеғали.    Сарсенғалидан – Мереке (1938-82), одан – Марсел, Марлен.

Манаудан – Ізғали (1883-1993), Бекқали, Мақар (1905-1974), Сұлтаннан – Сембі, Баташ (1910-1994).

Мәмбет, Боран ұрпақтарынан: Сәрсенбай, Жанғазы, Жантұрсын. Сәрсенбайдан – 1. Хамза, одан – Керей (1927-1996), одан – Қитар, Мұхтар т.б. 2. Қабаш, одан – Ихсан, Құмар. 3. Қошпан, одан – Мақсот (1936), одан – Серік. 4. Құспан (ұрпақ жоқ).

Жанғазыдан – Сағынтай. Жантұрсыннан – Төлеш, одан – Әбілқалта (1928-73).

Әзбергеннің бір туысқаны ... Жанғали, одан – Есмұхан, Құмар, Әмірджан. Құмардан – Қаратай.

Масайдың бір туысқаны ... Суқаұлы Бақыт, Табылтай. Бақыттан – Сапар. Әзбергеннің бір туысы ... Шаң, Құрман.

Шаңнан – Ізмағамбет, одан – Көшқали (1924-1989), Жұбан (1930).  Құрманнан – Тасмағамбет, одан – Нұртай, Науша, Нұрқат, Жәсен (1925-93).

 

Тілеу

Тілеудің 1 әйелінен – Итемген, Сүтемген, Меңдібай; еінші әйелінен – Жалмұрза.

Сүтемгеннен – Есенгелді, Жанкөшек, Жаңмырза. Есенгілдіден – Бекей.

Орта шаруасы бар Есенгелдінің әкесі Әйтімбеттің кенжесі Құлдың Байсеңгер атасының бір атақты байына құда түсіп, соның қызына Есенгелдіні үйлендіреді. Байдың қызы енші аларда әкесінен пәлен қойдың отарын беруде сұрайды. Ол өсімтал, бағуға берік тұқым болса керек. Сол қызға үйленгеннен кейін қыздың ақылы және қоймен Есенгелді байыған.

Оның байлығы жөнінде әртүрлі әңгімелер бар. Жылқысы он мың болған. Жайықтың екі бетін жайылым – өріске жылқы аяқтары жеткен жерге дейін кеңінен пайдаланған. Ол заманда бәсеке – байлық, талас күшті болған.

Есенгелдінің бір орыстың купец байымен байлығын таластыруы жәйлі әр жерде айтылады.

Ол осы Орал қаласында аталары әріден келе жатқан Макаров деген купец дейді. Ол Есенгелдіге байлығын көрсетіп мақтанғанда, Есенгелді мен саған байлығымды көрсетемін дейді.

Есенгелді Макаровты Жайық өзеніне алып келіп, өзеннің суына талшыбық шаншиды. Содан кейін жылқышыларғажылқыларды су ішуге Жайыққа түсіріңдер деп бұйырады. Жылқылар жан-жақтан түсе бастайды. Бірақ, орыс байының көңіліне онша әсер етпейді, оны сезген Есенгелді көк аланың үйірін салыңдар дейді. Сол кезде Жайықтың суы шыбық бойынан солқылдап түсе бастайды. Оны көргенде орыс купеці көңілі толып, - Пай, Пай, Есенгелді Сұлтансиықтың байы екенсің. Бірақ байлығың бір жұрттық қой, - депті мыс.

Есенгелді көп әйел алған. Тоқал әйелінен де балалар болған. Балаларының ішінен бәйбешеден туған Бекей шаруаға өте бейімді, алымды саналған. Саудаға да шебер, санасы ояу, ақыл естісі екен.        Сол арқылы атағы шығады. Патша әкімшілігі алдында да беделі артады. Бекейді тоқалдан туған балалар көре алмайды. Әкесі де теріс пікірде болады. Түрлі себептерден туған іш араздық түбі Бекейді өлтірумен тынады.

Бұдан басқа тағы бір баласын тоқалдың өсегінен жылқыға тапатып өлтірген жәйлі  аТүрлі себептерден туған іш араздық түбі Бекейді өлтірумен тынады.

Бұдан басқа тағы бір баласын тоқалдың өсегінен жылқыға тапатып өлтірген жәйлі  аңыз осы күнге дейін халық аузында бар.

Асан тананың Серкебайдың ұрпағы жазушы Есламғалиұлы Мұхадес осылардың өзінің «Зерлі тон» деген кітабында жазды.

Көңіл аударарлық тағы бір жағдай атақты «Түсіндірме сөздіктің» авторы Владимир Даль 1845 жылы Парижде француз тілінде «Бекей мен Мәулена» повесін жазып, жарыққа шығарған. Бұл шетелге қазақтың атын шығару, таныстыру болса, сол заманда қазақ даласындағы өмірден хабар беру еді. Бекей әкесінің дүниеқорлық пиғылына қарсы тұрады. Қарындасын қалың малға сатылғандығына риза болмайды. Оның үстіне Бекей, о баста әкесі айттырған Дәмеліге үйленбей өз көңілі қалған Маулена деген қызды алады. Ол қыз Бекейдің жақыны Жанкөшектердің қалыңдығы екен. Владимир Даль осы екі жастың бақытқа бөлене алмағаны жәйлі жазған. Бұл повесті Ленинград архивінде сақталғанын 1971 жылы мейзам айының  19 күнгі нөмірі 42 (1085) «Социалисттік Қазақстан» газетінде жазылды. Бекейдің өліміне Маулена үлкен кек сақтайды, қайырымсыз байлыққа қарсы шығады. Бұралаң, бұлыңғыр заманда 22 жаста өз намысы жолында өзін-өзі құрбан еткенін біреулер білсе, біреулер білмейді.

Бекейдің моласы Жайық өзенінің Бұқар бетіндегі бес көлдің біреуі Қамысты көлдің (Қанкөл депте атайды) жағасында әлі тұр.

Құла атты сойдым асыңа,

Құлпыңды қодым басыңа.

Сені әулие демеспін,

Мені алмасаң қасыңа-деп, өзіне-өзі қанжар салып опат болған Мәуленаның да мәйіті осы Бекейдің қасында. Есенгелдінің моласы Сырым ауданы Шідерті өзенінің саласы Тіксайдың Есенгелді деп аталатын бір биіктеу жерінде жатыр. Оны Есенгелдінің өзі емес әйелі деп таласушылар да кездеседі. Дегенмен, Есенгелді көзінің тірісінде сүйегімді жылқымның өрісіне қойыңдар деген өсиеті бойынша осы жерге қойылған кәрі құлақтардың әңгімесінде көп айтылады. Ал, Есенгелдінің бай екеніне ешбір талас жоқ. Есенгелдіден бір тайым кем деген сөз Сұлтансиық ұрпақтарының аузында қалған.

Бекейдің ұрпағы Елтайдан – Тайшыбай, одан – Иман. Иманнан – Рысбай, Қоңысбай. Рысбайдан – Рысбек, Оралған. Қоңысбайдан – Манарбек, Райбек, Мейрамбек.

Меңдібайдан – Тоғызбай, Дәулет. Тоғызбайдан – Меңдіғазы, Қаналы, Өтебәлі, Молдағали, Ғұбайдолла, Тақамбет, Рахмет, Имаш.

Меңдіғазыдан – Рамазан. Қаналыдан – Қамеш. Өтебәліден – Ғаділше. Молдағалидан – Сұлтан, Жалмұқан, одан – Сансызбай, Базарбай, Төлеген, Айбатыр, Жанбатыр, Гүлайым, Гүлжанай, Балжанай, Айжанай, Света, Ақыл. Сансызбайдан – Ербол. Базарбайдан – Темірлан, Ерлан, Айбар. Төлегеннен – Асыл, Ержан. Айбатырдан – Айнаш, Айдын. Жанбатырдан – Әсемгүл, Оралбай.

Ғұбайдолладан – Амангелді. Атақты әнші. Тақамбеттен – Ыдырыс. Рахметтен – Нұрғали. Имаштан – Ерғали. Ерғали ұзақ жылдар калхоз басқарды. Дәулеттен – Тіленші. Тіленшінің 2-әйелі Қарақыздан – Мегешін, Төлебай, Серкебай, Марқабай. Төлебайдан – Доман. Доманнан – Құрмаш. Құрмаштан – Сағынғали, Сағидолла. Сағынғалидың бірінші әйелінен – Кәрім. Кәрімнен – Тимур. Тимурдан – Руслан. 2- әйелінен – Сапарғали, Амантай, Исатай, Тасболат, Қазболат. Сапарғалидан – Асқар, Нұрхат. Амантайдан – Ерболат, Аманат. Исатайдан – Нұрболат, Әділет. Қазболаттан – Мархад. Сағидолладан – Асқар. Асқардан – Ерлан, Мерей.  Серкебайдан – Тыраиыс, Мұхамедия, Мерғали, Елеубай, Қыдыр, Арман, Қосан, Иқсан, Әулебай, Мұхамбетқали. Тыраиыстан – Өтеш. Өтештен -  Асқар. Мұхамедиядан – Қуат, Құмар, Ұлықпан, Амангелді, одан – Айболат, Нұболат, Жанболат. Қуаттан – Хабиболла, одан – Мұрат. Мерғалидан -  Хамаз. Хамаздан – Бейбіттен – Рашид.Сейіттен –Аслан,  Жаслан. Қосаннан – Ғалиасқар. Ғалиасқардан – Қаршыға, Марат, Мұрат. Аманнан – Серік, одан – Асылбек, Айбек. Әуелбайдан – Қажығали, Өмір,  Есламғали, одан – Садуакас, Еркін, Мұхадес  жазушы. Қажығалидан -  Мұрзағали, Армат. Өмірден – Ныгметолла, Набиолла, Нәпиза, Жанерке,  Ұлжан, Акерке. Набиолладан – Есламбек. Елеубайдан – Бердіғали, одан -  Мұхит, Таупих. Бөпіштен – Еркетай, Кенжетай.  Марқайбайдан – Арыстан, Бекарыстан. Бекарыстаннан – Әжім. Әжімнен – Болат.  Жалмұрзадан – Сейітбай, Дәулетбай, одан – Тұяк, Одан -  Тіленші. Тіленшіден ұрпағы Жымпиты ауданы, Елтай ауданында 1929 жылға дейін тұрған. Конфискацияға ұшырап  Орынбор облысына көшіп кеткен.  Тілеушіден – Лұқпан, Ілияс, Зұлқаш, Сапи. Лұқпаннан – Мәкәрім, Мағал, Ғабдікәрім (1917-1986), Қайыржан. Мәкәрімнен – Темірболат, одан – Қажымұрат, Гамал, Еркебұлан. Ғабдікәрімнен  - Ғабділсамат (1950), Марат. Ғабділсаматтан – Мұрат, Мақсот. Қайыржаннан – Жақсылық, Жақсыкелді, Жақсығали. Жақсыкелдіден – Мәлік, Серік.  Ілиястан – Мағауя, Жазит. Мағауядан – Амангелді, Аманжол, Амантай. Амангелдіден – Жоламан, Еламан, Елтай, Нұрлан. Аманжолдан – Ермек.  Амантайдан – Арман. Жазиттен – Хамит, Арман, Нұрдәулет. Хамиттен -  Қосан. Аманнан – Ердәулет. Нұрдәулеттен – Ерлан, Нұрлан. Зұлқаштан -  Қайып. Сейітбайдан – Өмірболат, Ерболат, Болат. Өмірболаттан – Мырзаш, одан – Қайыржан, одан – Жеңіс, Кеңес,Төреш, Руслан, Бағдат, Асқар, Гүлсим, Гүлназ, Гүлмира, Бекзат, Лаззат. Жеңістен – Бақытжан, Бауыржан, Гүлжаухар, Ботақөз. Кеңестен – Ақмарал, Ержан. Төрештен – Гүлнар, Дәурен. Русланнан – Мира, Дархан. Бағдаттан – Әліпа, Әлішер. Ақскардан – Ғафура, Ғазиза, Еркебұлан. Ерболаттан – Балгерей, Молдағали, Мұхамбеттияр. Молдағалидан  - Нарынбай, Сайын,Киікбай. Мұхамбеттиярдан  - Толыбай.  Болаттан – Шомбыр.  Бөгеннен – Төлебай, одан  - Сары, одан  - Нұрқазы, одан – Ахман, одан  - Есқали, Досқали, Мұқамедия, Жұмасейіт,  Ақсейіт, Бексейіт, Халифа.  Мұқамедиядан  - Құатқали, Мерғали, Қайырғали, Мүсағали.  Құатқалидан  - Қабиболла, Бақытжамал, Жаңылай. Қариболладан – Қасиет,  Ардақ, Жанар, Баян. Қасиеттен – Мұрат, одан – Мақсот. Мерғалидан -  Қамаз, Қабас. Қамаздан – Бейбіт, Сейіт, Мәриям, Әлія, Нәйля. Бейбіттен  - Рашид, одан – Дария. Сейіттен – Асхан, Жасылан. Қабастан – Қуандык,  Жұбандық. Қайырғалидан – Ұлықпан, Іліяс, Құмар, Мәкка. Ұлықпаннан – Элмира, Арман, Арсен, Тимур. Іліястан – Әнуар, Мұслим. Құмардан – Армат, Элвира,  Марат, Жанар, Қайрат. Арматтан – Рамиль. Маккадан – Айгүл, Сағит. Жұмасейіттен – Қанапия, одан – Амангелді, Қадыржан, Ерболат, Күляш. Амангелдіден – Нұрболат, Жанболат. Асан Тананың ұрпақтары – Бұлқыш, Құсайын, одан – Жұмағазы, Стамғазы, Серғазы, Бисенғазы, Бәтима. Серғазыдан – Нәгима, Мерғали, Шағида. Мерғалидан – Берік, Бауыржан, Жанар. Берікте – Ботагөз, Асан. Асан Тананың ұрпактары – Айтан, Нұрғали. Айтканнан – Сағынғали, одан  - Армат, Марат, Манас. Арматтан – Арсен. Нұғалидан – Амантай, одан -  Орынбасар, Мұхтар, Мейрам.

    Бессары

 Бессарыдан – Көсе, Абыз, Төбет, Сарбас, Сығайәлі, Шойтас. Абыздан – Қуат, Қаратбай, Құлмырза, Жанатау, Өтеп. Қуаттан  - Сәтбай, Айтбай, Мұржық, Міті. Сәтбайдан – Ертеғали, Оразбай. Ертеғалидан – Отар. Айтбайдан – Денеш, Қарқали, Туркебай. Денештен – Бекмағамбет, Тынштық, Мақұл, Қайын, Қоспақ, Мақамбет, Рахеиолла, Әділ, Қаратбай. Бекмағамбеттен – Құма, одан – Ұзақбай, одан – Анар. Тыныштыктан – Жалқайдар, одан – Досқали. Мақұлдан – Жомакен, Төлешқали, Иманғали, Молдағали,  Рысқали. Төлешқалидан – Ғалымжан, Қасиет. Ғалымжаннан – Жұма, Ержан, Нұржан, Мейрам, Жолшы, Еламан. Жұмадан – Ақсұлу. Жолшыдан – Мақсот.  Қасиеттен – Нұрлан, Сансызбай, Мәлік, Гулсара.  Мақұлдың Ишаны (Иманғали) (1893-1949) – тапқыр, шешен. Ел ішінде оны «Мақұлдың Ишаны» деп атайды. Аса тапқыр, шешен адам болған. Ишанның айтқандары халық ауыз әдебиеті улгілері ретінде көптеген әдеби жинактарға енген. Иманғалидан – Қайырғали (Денеш аталығын таратушы), одан – Ерік,  Сапарғали. Еріктен – Жанғали. Сапарғалидан – Дамир, Раұс. Молдағалидаң бірнші әйелінен -  Тәнзила, Мұхтар, Бөпежан; екінші әйелінен – Мұхит, Ақтай, Айша. Мұхиттан – Мұрадым. Қоспақтан – Қайрат, одан- Ескақ. Әділден  - Мұқаш, Нығымет. Мұқаштан – Рысқали. Нығметтен – Ахмет, одан – Мақсат. Қартабайдан – Тәжіғали, Еділбай, Талапқали, Қамидолла, Сағынғали. Еділбайдан – Бақыт, Қойшы.Бақыттан – Мақсат. Қойшыдан – Қуан.

Түркебайдан – еселбай. Еселбайдан – Ақмырза. Ақмырзадан – Сәрсен. Сәрсеннен- Серік, Ғалым.

Қартабайдан – Еділбай. Еділбайдан – Бақыт.  Бақыттан – мақсот, Құлмырза, Жанатау. Мақсоттан – Асылбек, Ақылбек. Төбеттен – Еламан, Еділбай. Еламаннан – Бисенғали. Еділбайдан – Қуан. Сарбастан – Қайыр, Құбай, Рақым. Құбайдан – Сүйін. Сығайәліден – Қозыайдар. Қозыайдардан – Ахмет, Рамазан. Шойтастан – Байқой. Байқодан – Қадір. Қадырден- Керей. Керейден – Жортабай, Демес, Жұмабек, Ескендір. Жортабайдан – Хамидолла, Махмут, Әзірбай, Мәжит, Барш, Уәли. Хамидолладан – Қуанай, Ораз, Жұматай, Ғалиолла, Құбайдолла, Ғұмар, Омар. Махмұттан – Ғұсман, Мұхит. Әзірбайдан – Есмағұл, Марат, Мақсот, Мағзом. Ескендірден – Қуанғали, Еркін, Тыныштық. Барштан – Арон, Аргон, Берік, Серік, Кенжетай. Қуанайдан – Арман, Нұрлан, одан – Дінмұхамед ( Димаш ). Уәлиден – Талғат. Ескендірден – Қуанғали, Еркін. Қуанғалидан – Жалғас, Нариман, Бақыт. Еркіннен – Арман. Сарбастан – Беркәлі, Сарт, одан – Таңқы. Таңқыдан – Қабыш, Демеу. Демеуден – Бержан, Біржан, Бижан, Әлібек. Беркәліден – Оспан, одан – Омар, одан – Мұқанғали, одан – Қалияқпар, одан – Нұржан, Зияахмет, Асқар, Елжан. Нұржаннан – Еркебұлан. Зияахметтен – Жангелді, Біржан. Елжаннан – Нұрдәулет. ...Арыстан – одан Шаңқан, одан – Қарабәкі, одан –Мыңбай, одан – Таймұқамбет, одан – Бесәлі, одан – Боқай, одан – Кенжебек, одан – Мұғаллем (1927 ж.т)

Енді бір Сырым ауданының Былқылдақ деген жерінен бізге түскен шежіре нұсқасында Абыз аталығын былай деп таратады. Абыздан – Шынтас, Шойтас, Мәсел, Сәден, Нығмет, Қайыр, Қаби, Керей.

Нығметтен – Мәмбет, одан Ұркия, Зада, Төлеген, Сансызбай. Қайырдан – Жұмабай, одан – Байнияз, одан – Моншақ, Серік, Ерік, Мейрам. Қабиден – Құбай, одан – Рахым, Бисенбай, Сәрсенбай, Сүйін. Бисенбайдан – Есен, одан – Ербол, одан – Назерке, Гүлжаухар, Ақтілек. Сүйіннен – Ғазиза, Роза, Маруся, Шамшура, Күляш, Мақсот, Дастан. Керейден – Жортабай, одан – Ескендір, Мәжіт, Махмет, Уәлі. Ескендірден – Құанғали, Еркін. Құанғалидан – Жалғас. Еркіннен – Арман, Аманғали.

Бессары ұрпақтары Молдағалиев Закария, одан – Қонысбай, Сарыбай, Есатай.

 

Қалақ

Тананың бәйбішесінен туған Қалақ мерген болған. Талай елге атағы жетеді. Бір үлкен жиында төрде отырған хан анадай жердегі батыр денелі Қалақты көріп, - әй, Қалақ сені сумерген, құралайды көздемей атып құлатады дейді. Маған сол мергендігіңді көрсетші, нағыз мергендігіңді көрсем батамды беремін, - дейді. Қалақ орнынан тұрып, 10 қанат ағаш үйдің түндігінен ұшып бара жатқан бір топ құстарды көрсетіп, басынан атайын ба, ортасынан атайын ба, алде құйрығынан атайын ба? – дейді. Хан- басын атпа бассыз ел болмайды. Құйрығы, қанатты қаруы, ортасынан-ақ ат дейді. Қалақ сол бойда көздемей садағын тартып жібергенде бір аққу ханның алдына келіп түседі. Сол кезде бата берейін деп хан басын көтергенде тілі байланып, екі қолы теріс айналып, сөйлей алмай қалады. Оның себебі аққу киелі құс. Соның киесінен осылай болған дейді айтушылар. Осыдан: «Баталы ұл арымас, батасыз ұл жарымас» - деген сөз шығыпты. Қарғыс бата алған Қалақтан – Қараман мен Малайсары туады. «Қарғыс алған Қараман» - деген содан қалған.