ЖҰМАҒАЛИЕВ АБДОЛЛА

Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында туған. Әуелі өз ауылында орта дәрежелі білім алып, 1934 жылы Орал педагогикалық институтының әдебиет факультетіне түскен. 1936 жылы оқуын Алматыдағы ҚазПИде жалғастырған.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Абдолла майданға аттанды. Жалын жүрек ақын жаумен арпалысып, ерлікпен мерт болды. Абдолла ерлігі жайлы Қ.Аманжолов «Абдолла» поэмасын жазды. 
Ақындығымен көзге түскен кезеңі 1937–1938 жж. болды: әдеби журналдарда, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде бірқатар өлеңдері басылды. 1939 жылы Қызылордада мұғалімдік қызмет атқарды, осы кезеңде «Токио», «Шығыс қызы», «Асанқайғы» атты дастандарын жазды. Байроннан және Лермонтовтан бірнеше өлеңдер, поэмалар аударды.
Шығармалары: Таңдамалы өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1945; Өшпес жалын. Өлеңдер, дастандар, аудармалар. А., «Жазушы», 1985.

Жұмағалиев Абдолла – ақын. 1934 – 36 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті), 1936 – 38 жылы ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) оқыған. 1938 – 39 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, 1939 – 41 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған. 1941 жылы шілдеде әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты (1941, 26 қазан). Жұмағалиевтың ерлігіне арнап Қ.Аманжолов “Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасын жазды (1943). Жұмағалиевтың алғашқы өлеңі “Біздің еңбек” альманағында (Орал, 1934) жарық көрген. 1936 – 41 жылдары шығармалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды. Ол “Токиодағы дауыс”, “Шығыс қызы”, “Асан туралы аңыз” атты поэмаларында жастық шақ, адамгершілік, достықбақытОтан тақырыбын көтеріңкі шабытпен жырлады. Шет ел әдебиетінен Байрон, Лермонтов, Низами, Тоқтағұл шығармаларын қазақ тіліне аударды. Кейін ақынның әдеби мұралары “Таңдамалы өлеңдер”, (1945), “Өшпес жалын” (1962), “Өлмес өмір дастаны” (1985) атты жинақтарында жарияланды.[2] Абдолла:

 «Өлсем ұмыт болмай ма дүние деген,
 Мәңгі айрылысып қалмай ма о да мүлдем.
 Жанжал, шумен алысқан қайран басым,
 Бір қуыста қалмай ма үңгірлеген...»

- дейді. Бұл шумақ Абайдың«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?..» деп келетін өлеңін еске тұсіреді. Және бір мысал:

 «Қызыл шырай, қыз дүние қалар артта,
 Мөрін басып ақырғы мәңгі шартқа.
 Мен кетермін, келмеспін енді айналып,
 Басымдағы сырымды жаздым хатқа...»

(«Келер ұрпаққа») шумағының соңғы екі тармағындағы түйін Абайдың:

 «Өтті ластап демеңіз жүрген жолын,
 Келді күн , келер ұрпақ заманаға!..»

- деген кемел ойына үндеседі.