Жиембет жырау

Арғысы алты ғасырға созылатын қазақ әдебиетінің бастауында тұрған жыраулардың бірі һәм бірегейі – Жиембет Бартоғашұлы. Бір қызығы, туып-өскен жері, ата-қоныс атаулары күні бүгінге дейін өзгермесе де, кіндігінен тараған ұрпақтары өсіп-өніп, «жиембет тана» атанған бір қауымға айналса да, Батыс Қазақстан өңірінде Жиембеттің насихаты мүлде жоқ деуге болады. Қазақтың ең атақты, ең әлеуетті хандарының бірі болған Еңсегей бойлы ер Есімнің оң тізесін басқан би, қол бастаған батыр, жалындап сөйлеген жырау бүгінде тіл мамандарын даярлайтын ЖОО-ларда бірер семестр жүретін «Хандық дәуір әдебиеті» атты курстың кейіпкері ғана болып қалған. Жиембет жыраудың өмірі мен өнерін, тарихтағы орнын, күні кешегі Махамбетке дейінгі жырауларға әсер-үлгісін ден қойып зерттеген ғалым жоқ секілді. Жыраудың аты-жөнінде, өмір жолындағы тарихи даталарда бірізділіктің болмауы сондықтан болса керек.

Батыс Қазақстан өңірі – бүкіл қазақ эпосының отаны, жорық жыршыларының мекені саналады. Бірақ, біз әлі барымызбен мақтана алмай келеміз. Өткен жылы Астанада Жиембет жырау атына көше берілді. Атырау облысы Индер ауданының атауын Жиембетке өзгеруге ұсыныс жасауда. Ал жырау туып-өскен Батыс Қазақстан облысының бірде-бір елді мекенінде Жиембет жырау атында ең болмаса бір көше жоқ екен...

«DANA.kaz» журналы Жиембет жырау жөнінде бұрын-соңды жарияланған түрлі деректердің басын қосып жариялай отырып, тиісті сала мамандарының назарын аударуды жөн санап отыр.

 

 

Жиембет Бартоғашұлы 1570-1575 жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан. Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Жиембет-тің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауыл-дарда өткен. 16 жасынан хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға каты-сып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын басқарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде таныла-ды. Жиембет әсіресе 1620 жыл-ғы Есім ханның ойрат-қалмақ-тармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шап-қыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады. Жиембет жы-раудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: «...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілеті-мен, ерлігімен көзге түскен». Сөйтіп ол үл-кен абырой, беделге ие болады.

Қазіргі ел назарында жүрген көпшілік еңбектерде Жиембет бидің Есім ханмен достық қа-рым-қатынасы ұзаққа бармағаны айтылады. Хан мен би арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы секілді келіспеушілік өрістей берген делінеді. Бетің бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын қайсар өжет би Есім ханның кейбір іс-әрекетіне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға бермейтіні түсінікті. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Бұдан кейін Жиембет ханнан іргесін аулақта-тып, өзінше бөлек кеткендей.

 

Осылайша қуғын, теперіш көріп жүрген кездің бірінде Жиембет жырау Есім ханға кездесіп қалып, былай депті:

Еңсегей бойлы Ер Есім!

Есім сені есірткен,

Есіл де менің кеңесім.

Ес білгеннен Есім хан,

Қолыңда болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін.

Ертеңгі күн болғанда,

Елің кеңес құрғанда,

Айналып ақыл табарға,

Есіктегі ебесін;

Сонда ханым не десін?!

Мен жоқ болсам, Есім хан,

Ит түрткіні көресің.

Жиембет қайда дегенде,

Не деп жауап бересің?..

Менімен ханым ойнаспа!

Менің ерлігімді сұрасаң,

Жолбарыс пенен аюдай.

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайыңдай.

Зорлығымды сұрасаң,

Бекіре менен жайындай.

Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай менен қайыңдай.

Көруші едім Есім хан,

Ханымды - күнім, сізді - айымдай.

Сырым саған түзу-ді,

Садаққа салған бұлындай.

Жұмыскерің мен едім,

Сатып алған құлыңдай.

Жүруші едім араңда,

Өзіңнің інің мен ұлыңдай.

Есімде мені сүймеуің,

Істетпекке қойған тілің деп.

Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,

Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген,

Тілеуберді құлыңдай!

Тілеуберді құлың мен емес,

Менің ер екенімді көргенсің,

Әуелден бірге жүргенсің,

Дегенімді кылғансың,

Қайратымды білгенсің,

Аптықпа, ханым, күңнен соң,

Сіздің естен кеткенмен,

Біздің естен кеткен жоқ.

Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,

Соқыр бурыл байталға,

Сонда бір жайдақ мінгенсің.

Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,

Қаланың қасы бүлгенде,

Хандар қалаға қылаған,

Сұлтандар суға сылаған.

Қаз мойынды Ханымша,

Қалада тұрып жылаған.

Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалада жан сақтап,

Тасқан екен мына хан!

Қайрылып қайыр қылуға,

Қылғаның жоқ ұнаған.

Қайратым қанша қайтса да,

Мұныңа ханым, шыдаман!

Арқаға қарай көшермін.

Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін,

Ат сауырсын берермін.

Алыста дәурен сүрермін.

Қарамасаң, ханым, қарама,

Сенсіз де күнімді көрермін.

Бір қарағанға кейінгі Бұқар жыраудың Абылай ханға, Махамбеттің Баймағамбет сұл-танға айтқан ашулы жырындай көрінгенімен, тереңірек үңілген адам Жиембеттің Есімді хан ре-тінде мойындап, басын иіп отырғанын бірден байқайды. «Ес білгеннен Есім хан, Қолыңда болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін» дейді Жиембет. «Көруші едім Есім хан, Ханымды - күнім, сізді - айымдай. Сырым саған түзу-ді, Садаққа салған бұлындай. Жұмыскерің мен едім, Сатып алған құлыңдай. Жүруші едім араңда, Өзіңнің інің мен ұлың-дай» дейді тағы бір жерінде. Яғни, бұл жерде хан мен бидің арасындағы дау Жиембеттің өзімбілемдігінен, өрлігінен, ханға бағынғысы келмегендігі-нен шықпаған. Егер Жиембет Есімді хан ретінде мойындама-са, «сатып алған құлындай» жанында қызмет етер ме еді?!

Ендеше Есім хан мен Жиембет жыраудың арасына қандай сызат түсті?!

«Хан мен бидің арасындағы дауға Жиембеттің батыр інісі Жолымбет себепті болыпты-мыс» дейді халық аңызы. Осы аңызды Жиембетті зерттеуші ғалымдар, соның ішінде М.Мағауин, Х.Сүйіншәлиев, жазушы І.Есенберлин т.б. да өз еңбектерінде қайталайды. Тіпті отқа май құйып, жаудан түскен олжа – төмен етекті бір күңнің кесірінен қазақтың еңселі ханы, қабырғалы биі һәм жалаңқылыш батыры арасында бітіспес жаулық туыпты дегенді айтқысы келетіндер де бар.

Біздіңше, ең ақылға сыйымды нұсқа былай болса керек: желгі жау, ата дұшпан жоңғарлар Қазақ Ордасының Есім хан тұсында ерекше еңсе көтеріп, қуаттанып бара жатқанын көре алмай, ерекше қастандық жаса-мақшы болады. Яғни, жоңғар-дың өте сұлу бір қызын арнайы әзірлеп, Есім ханға сый ретінде жолдайды. Бірақ, ол қыздың басты тапсырмасы – қапысын тауып ханды өлтіру екен. Әлде-қандай жолмен бұл жоспарды біліп қойған Жолымбет батыр «қауіпті сыйлықты» алып бара жатқан жоңғар елшілерін жол-дан тоқтатып, қызды өлтіреді. Бірақ, «ханға арналған сыйлық-ты өзі иемденгісі келіп, орта жол-дан тонады» деген жаман атақ Есім ханға еселеніп жетеді...

Мұны естіген Есім хан қатты қаһарланады. Жиембеттің батыр інісі Жолымбетті қарауындағы мың сан қолымен шүршіт соғы-сына айдайды. Жиембет биді ойрат соғысынан қолға түскен құлдарға косып, жер аудармақ болады. Хан бұйрығы бойынша Жолымбет батыр өз сарбаздары-мен шығысқа аттанып, алты ай дегенде зор жеңіс, мол олжамен оралады. Жүздеген пенде-шүр-шітті ханға әкеп сыйға тартады. Есім хан бір жағынан Жолымбет-тің бұл ерлігіне риза болса да, екіншіден іштей оған деген өшпенділігін тастамайды, қайта өршіте түседі. Бір айтыс-тартыс-та Жолымбеттің көзін жоймақ боп оны әуелі зынданға таста-тып, артынан дарға асылсын деп, жұртқа жар салады. Осы жарлықты есіткен Жиембет би дар басына жетеді, сөйтеді де анадай жерде би, батырлар орта-сында тұрған Есім ханға тура барып былай деп зәрлі де, қаһарлы жырын термелейді:

Өмірің қатты, Есім хан,

Бүлік салып бұйырдың.

Басын бер деп батырдың,

Қанын ішіп канбаққа,

Жанын отқа салмаққа,

Атадан жалғыз ол емес,

Хан ие, ісің жол емес!

Жолбарыстай Жолымбет,

Құрбандыққа қол емес!

Жол тосып алып кетіпті,

Қалмақтан алмақ сыйыңды,

Қаһарыңды басқалы,

Қалың елім жиылды.

Бастап келген өзге емес,

Жиембет сынды биің-ді,

Малын салып алдыңа,

Әр саладан құйылды.

Он екі ата Байұлы,

Бір Тәңіріге сыйынды.

Көріп отырғанымыздай, бұл жерде де Жиембет би қалың елін бастап келіп, ат-шапан айып болатын малын алдына салып, ханның алдына бас иіп келіп отыр. Жыраудың өз шығарма-сына көз салғанда Жолымбетті өлтіріп, Жиембетті жер аудара-тындай себеп жоқтай көрінеді. «Өкпеге қиса да өлімге қимай-тын» қазақы дәстүрлі қоғамда бұл оқиғаның қалай аяқталға-нын бүгінде болжау қиын. Ел аузында айтылатын нұсқада Жиембет өмірінің соңында шы-найы өмірден ертегі-аңыз еліне еніп кеткендей, «самұрық құс-тың балағына жармасып, көкке ұшады, ит елінде саяхаттайды».

Жат жерде азап шегіп күнелт-кен шағында Жиембет жырау айтты дейтін шумақтар көп. Соның екі нұсқасын келтірейік:

 

Бірінші толғауы:

Басы саудың түгел-дүр,

Толған тоғай малы-дүр.

Тоқтамай соққан толағай,

Толастар мезгіл жеткей-дүр.

Керегеге ілінген,

Шабылмаған семсер тұр.

Жаудан алмай кегімді,

Есіл де өмір өткен құр.

Азап шектім аралда,

 

Екінші толғауы:

Қол-аяғым бұғауда,

Тарылды байтақ кең жерім!

Арманда болып барамын,

Қоштасуға аял жоқ,

Қалқаман, Шолан ерлерім!

Қайрылып кадам басарға,

Күн болар ма мен сорға!

Ханға қарсы тұрам деп.

Түн ұйқымды бөлгенмін,

Жұртымды жөнге салам деп.

Бас кессе де басылмай,

Ақ ісімді жасырмай,

Атқа мінген ер едік.

Қашырды бүйтіп елімнен,

Күйеуден безген қатындай.

Өзен, Арал жерлерім,

Қиядан қалды көрсеткен,

Төбеңе шығар күн бар ма?

Жотасы биік Дендерім,

Қайрымсыз болған хандарға,

Тиер ме екен бір күні,

Жолбарыстай шеңгелім!

Сол айдаудан Жиембет би ауылына қартайып барып оралады. Бұл кезде Есім хан өлген екен. Ел-жұрты, ағайын-туыстары өзінің сүйікті биі, талай ел қорғаны болған батырын зор құрмет көрсетіп қарсы алады-мыс. Төбесіне көтеріп оған сый-құрмет көрсетеді. Айдау, бұғауда тапқан кесел, жарақатын жазуға көмектеседі. Бірақ жырау бұрынғыдай көсіліп жырлай алмайды. Дендеп кеткен ауру алмай қоймайды. Жетпістен асқан шағында бұл дүниемен қоштасады. Жиембет жыраудың біраз толғауы «Бес ғасыр жырлайды» жинағында жарияланған.

(Қазақ Совет энциклопедиясы (4-том, 443-бет), «Даланың дара ділмарлары» (Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2001, - 592 бет) жинағы, Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы (Алматы: «Арыс» баспасы, 2002), «Қазақ әдебиеті» энцикло-педиялық анықтамалығы (Алма-ты: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010) секілді деректер негізінде дайындал-ған Уикипедия ашық энциклопедиясының материалы пайдаланылды).