Бостан қауымындағы құлпытас

БҚО, Ақжайық ауданының Қурайлысай ауылдық округіне қарасты Сайқұдық ауылынан 6 км жерде, жергілікті жұрт «Бостан қауымы» деп атайтын көне зират. Мұнда негізінен Кіші жүз Байұлы ішіндегі Сұлтансиық атасына қарайтын тана руының адамдары жерленген. Мұнда сақталған құлпытастар арасында жер атауы берілген Бостан есімді кісінің де құлпытасы бар екен. Ескерткіш белгінің үш жағында жазу жазылған, төртінші жағында ою-өрнек бедерленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қасбетіндегі жазу:
1. Тана руғы
2. Қалқаман
3. тайфесі
4. Мәмбет бөлімі
5. Дос нмра (немересі – Қ.Қ.)
6. сі Баржы бала
7. сы

 

 

 

Оң жақ қырындағы жазу:
1. Бостан
2.
офат йашынде...
3. ...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Шығыс бетінде:
Тігінен «Лә илаһа ил-Алла,
Мухаммад расул Алла» деген кәлима сөзі жазылған.