Бисеке қауымындағы құлпытастар

 

БҚО, Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округінің орталығынан солтүстікке қарай 7-8 шақырым жерде «Бисеке қауымы» деп аталатын көне қорым бар. Бұл жерде ертеректе екі көл болған, «Қоскөл» атауы да осы көлдерге орай қойылған. Осы екі көлдің арасындағы төбеде ХІХ ғасырда Бисеке есімді дін ғұламасы, хазірет өмір сүрген, мешіт ұстаған. Бүгінде мешіт орны әлі де көрініп жатыр. Хазіреттің өзі жерленген орынды ел-жұрт зиярат етеді, әулие ретінде сыйынады. Хазіреттің өз құлпытасы сақталмаған, кейін қойылған гранит белгіде көрсетілген дата қате болса керек.
Хазіреттің қабірі ақ түсті табиғи тастардан қаластырып қоршалған. Осы қабірдің артында, яғни шығыс бетінде төрт қырынан темір бұрыштамамен құрсауланып, сыммен бекітілген. Жоғарғы жағында жарты ай белгіленген құлпытастың батыс бетінде араб қарпімен төмендегідей мәтін жазылған:

 

 

1.
Тана р-
2. уғы
3.
Қалқаман
4.
тайпасы
5.
Мәмбет
6.
бөлімі
7.
Серғазы
8.
Тәжғалы
9.
ұлы опат
10.
63 жасында
1
1. 1926 жылда
12.

Екінші құлпытас
(сынып түскен, жерде құлап жатыр)
1. Тана руғы Қалқаман та-
2. йфасының Мәмбет бөлімінің
3. Тұрақ баласы Мұса офат
4. болды 55 йашынде
5. 1871-нчі йылде
6. Бұ ташны қойды Мұрат
7. ... ...бай мырза (сынып түскен, оқылмайды)
Бисеке қауымындағы көне құлпытастарды тауып берген – осы ауылдың тумасы Төлеген Сафуллин